10. Мыналар көзделуі қажет:
1) келетін заттарды санитариялық өңдеуге арналған жеке бөлме және зарарсыздандырылған заттарды сақтауға арналған жеке бөлме;
2) консультациялық сипаттағы қоңырауларды қабылдау үшін байланыс құралдарымен жабдықталған Call-орталығының болуы;
3) әрбір палатада санитариялық тораптардың, сондай-ақ себезгі кабиналарының немесе ыстық және суық суы бар раковиналардың болуы;
4) палаталарда (бөлмелерде) үлестіру асханасы және тамақтандыруды ұйымдастыру бар асхана);
5) қызметкерлердің қажетті саны - бейінді дәрігерлер, медбикелер, зертханашылар, госпитальдық эпидемиологтар, тіркеушілер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, кіші медициналық персонал (50 бақыланушыға дейін - 1 дәрігер, 1 медбике, 2 санитар).
6) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жеке қорғаныш құралдары, дезинфекциялау құралдарының, жеке гигиена құралдарының (сабын, қағаз сүлгілер), бір рет қолданылатын маскалардың, төсек-орын жабдықтарының жеткілікті саны;
7) дәрілік заттар мен ММБ-ның қажетті қоры (спиртті қалта антисептиктері, термометрлер және т. б.);
8) келушілердің сауалнамалық деректерін толтыруға арналған нысандар.
11. Әр қызметкермен санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды, гигиенаны, құпиялылықты, этика мен деонтологияны сақтау бойынша нұсқаулық өткізу. Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес COVID-19-ға күдікті адамдарды бақылау және жүргізу ерекшеліктері бойынша қызметкерлерге нұсқама беруді қамтамасыз ету.
12. Келген адамдарды тексеру жүргізуге, олардың санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды сақтауына, смартфондар мен жеке заттарын санитариялық және гигиеналық өңдеуге уақытша алып қоюға ақпараттық келісім парағымен қамтамасыз ету.
13. Келушілердің жеке заттарын өңдеу және қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді айқындау.
14. Ауруханаға жатқызу кезінде келгендерді тұрғылықты жері бойынша одан әрі амбулаториялық бақылау үшін БХТ бойынша сәйкестендіру қажет.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
39-қосымша
COVID-19 пандемиясы кезеңінде профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу бойынша алгоритм
1. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінің алынуына байланысты 2020 жылғы 11 мамырдан бастап жоспарлы профилактикалық егулерді жүргізу қайта басталды.
2. Толықтырылатын вакцинациялауды жүргізу үшін вакцинацияның бастапқы сериясындағы жоспарлы егулерді өткізіп алған 1 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша вакцинация басым топ болып табылады.
3. COVID-19-ға қатысты мәртебесіне байланысты адамдарды вакцинациялау:
- COVID-19 диагнозы белгіленген пациенттер «медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес толық клиникалық сауыққаннан кейін вакцинациялануы тиіс;
- COVID-19-бен ауыратын науқастармен жақын және ықтимал байланыста болған адамдар карантин (оқшаулау) мерзімі аяқталғаннан кейін және «Профилактикалық егулерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығына сәйкес профилактикалық егуді жүргізуге қарсы көрсетілімдер болмағанда мүмкіндігінше тез арада егіледі.
Бұл ретте, адамдардың осы санаты вакцинацияға келген басқа адамдардан бөлек егілуі тиіс.
4. Профилактикалық егулерді алу мақсатында медициналық мекемеге барған кезде адамдар медициналық қорғаныш маскасын киюі тиіс.
5. COVID-19 тіркелген және респираторлық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық кезеңінде халықты жоспарлы иммундауды ұйымдастыру кезінде:
- карантин кезеңінде профилактикалық егу жүргізуді өткізіп алған барлық адамдарды қоса алғанда, вакцинациялауға жататын адамдардың тізімін жасауды қамтамасыз ету;
- вакцинациялауға жататын адамдарды егуге алдын ала шақыруды ұйымдастыру, бұл ретте емханаға бару кезінде уақыт аралығын және физикалық қашықтық шараларын сақтауды (дәрігерлердің қабылдау кабинетінде, егу кабинетінде, дәлізде) қамтамасыз ету;
- жеке жақсы желдетілетін үй-жай бөлу, онда вакцинацияланған балалар мен оларды алып жүретін адамдар физикалық қашықтық талаптарын сақтай отырып, вакцинациядан кейін 30 минут бойы болуы тиіс;
- «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығына (бұдан әрі - № 361 бұйрық) сәйкес вакцинациялауға қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, вакцинациялау жүргізу;
- ауруына байланысты және басқа себептер бойынша дәрігердің қабылдауына келген науқастардан профилактикалық егулер алатын адамдардың бөлек ағымын қамтамасыз ету;
- балаларды қабылдау және вакцинациялау үшін жеке сағаттар және тәуекел тобындағы адамдарды (СОVID-19, байланыста болған, қарт адамдар, созылмалы аурулары бар адамдар) қабылдау және вакцинациялау үшін жеке сағаттар бөлу жөнінде шаралар қабылдау;
- вакцинация алу кезінде еріп жүретін адамдардың санын шектеу: 1 егілетін адамды алып жүру үшін 1 адамнан артық емес.
6. Профилактикалық егулер арнайы жабдықталған егу кабинеттерінде медицина қызметкерлері № 361 бұйрықтың талаптарына сәйкес талаптарды сақтай отырып жүргізеді.
7. COVID-19 және респираторлық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық кезеңінде емханаға кіретін жерде:
- байланыссыз термометрияны қамтамасыз ететін сүзгі орнату және COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдардың болуына сауалнама жүргізу;
- келушілердің қолын өңдеуге арналған санитайзерлер орнату;
- ауру белгілері бар адамдар анықталған жағдайда олар үшін маскалар беруді, күту және дәрігердің қарауы үшін жеке үй-жайды қарастыру қажет; бұл пациенттерге қызмет көрсету кезінде басымдылық берілуі тиіс.
8. Емхана ғимаратында қолжетімді орындарда COVID-19 профилактикасы үшін қол гигиенасын сақтау қажеттілігі туралы ақпарат орналастыру, COVID-19 профилактикасы шаралары бойынша көрнекі құралдарды таратуды қарастыру.
9. Медицина қызметкерлері мен халық үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде шаралар қабылдау:
- емхананың әрбір келушісі ықтимал қауіпті ретінде ескерілуі тиіс, осыған байланысты медицина қызметкерлерін респираторлық инфекциялардан қорғау шараларын сақтау қажет;
- егу кабинеттерінде медицина қызметкерлерінің жеке гигиенасын сақтау үшін жағдай жасау, сондай-ақ келушілердің қол жууына жағдай жасау;
- халық үшін қолжетімді орындарда медициналық қалдықтарды (пайдаланылған маскалар, қолғаптар, сулықтар және т.б.) қауіпсіз жинау және кәдеге жарату үшін контейнерлер орнату.
10. Егер вакцинаның кезекті дозасын енгізу қандай да бір себеппен кешіктірілсе, вакцинацияны қайтадан бастау қажеттілігі жоқ, вакцинаның келесі дозасын мүмкіндігінше тезірек енгізу қажет.
11. Вакциналарды енгізу арасындағы аралық № 361 бұйрықтың талаптарына сәйкес сақталады: егер вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттар сол бір күнде енгізілмесе, тірі вакциналарды енгізу арасындағы аралық кемінде төрт апта сақталады; тірі және инактивацияланған вакциналарды енгізу арасындағы аралық сақталмайды.
12. Қазіргі уақытта COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды және COVID-19 жағдайларымен байланыста болған адамдарды вакцинациялау үшін белгілі медициналық қарсы көрсетілімдер жоқ, сондай-ақ вакцинациялау кезінде балалардың COVID-19-ды жұқтыру қаупінің артуы немесе вакцинацияның ауру ағымына әсері туралы деректер жоқ, яғни COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдар және клиникалық белгілері жоқ байланыста болған адамдар әдеттегідей вакцинацияланады.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
40-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтар, резерваттар және басқалар) баруға қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы тұлғалардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, қорықтардың, резерваттардың және басқалардың) (бұдан әрі - ЕҚТА) аумағына маска режимін сақтай отырып, құрамында 3 адамнан аспайтын (бір отбасы мүшелерін қоспағанда) жеке тәртіппен баруға рұқсат етіледі.
3. Туристердің ұйымдастырылған топтары құрамындағы ЕҚТА аумағына мемлекеттік тізілімде тұрған туристік компаниялар арқылы, туристерге қызмет көрсету шарттары болған кезде және ЕҚТА әкімшілігі олардың аумағына баруға рұқсат етіледі.
4. ЕҚТА аумағы бойынша экскурсиялық турларды ұйымдастырудың ерекше шарттары:
1) жергілікті атқарушы органдармен келісудің болуы;
2) ЕҚТА-пен келісілген бағыттың болуы;
3) қалыптасқан туристік өнім мен топтық гид, сондай-ақ туристер құрамының болуы;
4) ЕҚТА аумағына кіру кезінде жолаушылар көлігі және жүргізуші, сондай-ақ ілесіп жүретін гид (тар) туралы деректер беру);
5) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау туралы кепілдіктің және қалыптастырылған туристік өнім шеңберінде көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер үшін толық жауапкершіліктің болуы;
6) туристер мен бірге жүретін қызметкерлерді туристік компаниялармен маскалармен және санитариялық ерітінділермен қамтамасыз ету.
Ұйымдастырылған топтардың құрамы 7 адамнан кем болмауы және 15 адамнан аспауы тиіс, ал оларды ұлттық саябақтың аумағына жеткізу және тасымалдау (ЕҚТА аумағына кірген кезде) жолаушылар көлігінің жұмысы үшін бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;
5. Келушілер маскада болған жағдайда ЕҚТА аумағына жіберіледі. Келушілердің кіру алдында және аумақта маскалар сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету ұсынылады.
6. ЕҚТА аумағында қоғамдық тамақтану орындары мен объектілерінің қызметі көрсетілген объектілер үшін жалпы белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
7. Туристік өнім шеңберінде орналастыру орындары мен қоғамдық тамақтану объектілері болған жағдайда туристік компаниялардың осы ұйымдармен жасасқан шарты болуы қажет.
Туристік өнім аясында орналастыру орындары мен қоғамдық тамақтану объектілері болған жағдайда, осы ұйымдармен жасалған келісім-шарт болуы керек.
8. Мүмкіндігінше өнімді байланыссыз тәсілдермен, оның ішінде тауарларды сату автоматтарының (вендингтік машиналардың) көмегімен сатуды жүзеге асыру ұсынылады.
9. ЕҚТА аумағында жаппай мәдени-ойын-сауық іс-шараларын, пикниктерді өткізуге және су айдындарында шомылуға тыйым салынады.
10. ЕҚТА және оның аумағында орналасқан объектілердің әкімшілігі:
1) жұмыс орындарында, ұлттық табиғи саябақтарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды;
2) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);
3) халыққа қолды антисептиктермен өңдей отырып, маскамен қызмет көрсетуді;
4) іргелес аумақты таза ұстауға, қоқысты уақтылы шығаруды;
5) одан әрі кәдеге жарату үшін таңбаланған контейнерлерде (полиэтилен қаптар) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды орталықтандырылған жинау;
6) Техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін;
7) аумақты жинауға арналған жинау мүкәммалын және арнайы жабдықты (шелектер, щеткалар, шүберектер және т. б.) арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақтауды;
8) есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, үй-жайларды вирулицидтік әсер ететін құралдармен күніне кемінде 2 рет дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау жүргізілуін;
9) дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, келушілердің демалуына арналған шағын сәулет нысандарын, жабдықтарды күнделікті дезинфекциялауды;
10) ұлттық парк аумағында орналасқан объектілердің үй-жайларын жинауға, қызметкерлердің қолын өңдеуге, тыныс алу органдарының ЖҚҚ арналған дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір апта) қорын;
11) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберуді;
12) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.
13) жұмыс күні ішінде персоналдың дене температурасын бақылау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатында, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу) белгілері жоқ адамдар үшін респираторлық аурулар симптомдарының болуына қызметкерлерден сұрау оқшаулауды қамтамасыз ету және жедел жәрдемді дереу шақыруды;
14) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындау, келушілердің қозғалыс ағындарын бөлу, температураны өлшеу, персоналға нұсқама жүргізу, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыруды;
15) келушілерді санитариялық нормалар мен қауіпсіздік талаптары туралы хабардар етуді қамтамасыз етуі қажет.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
41-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде экскурсиялық қызметті (туристердің ұйымдастырылған топтары үшін экскурсияны ұйымдастыру) жүзеге асыруға қойылатын талаптар
1. Көлікті дайындау және жолаушыларды (туристерді) тасымалдау
1. Жолаушыларды тасымалдауға арналған автокөлік кейіннен желдетіле отырып, дезинфекциялау құралдарымен (отырғызғанға дейін) салонды өңдеуге жатады.
2. Жүргізушілерді рейс алдындағы тексеру міндетті термометриямен және нәтижені Тапсырыс парағында (туристік (бұдан әрі - туроператорлар) мен көлік компаниялары арасында) тіркеумен жүргізіледі.
3. Жүргізушілер, еріп жүретін адамдар мен туристер көлік құралында, бағдартың жүру жолында медициналық немесе мата маскасында болады.
4. Автобустарда (шағын автобустарда) қолды өңдеу үшін санитайзерлердің қажетті саны белгіленеді, жүргізушілер маскалардың қосымша қорымен қамтамасыз етіледі.
5. Экскурсиялық сапарларды жүзеге асыратын автобусқа жолаушыларды (туристерді) жіберуге отыратын орындардың жалпы санының 75% - ынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен сырқаттанушылық тұрақты төмендеген және жағдай тұрақтанған кезде объектінің жалпы сыйымдылықтағы келушілермен толтырылуы ұлғайтылуы мүмкін.
6. Автобусқа отырғызу алдында міндетті термометрия, сондай-ақ ЖРВИ белгілерінің болуы үшін туристер мен бірге жүретін адамдардың сапарын ұйымдастырушының көзбен шолуы жүргізіледі.
7. Жолаушылар оларды пайдалану регламентіне сәйкес қорғаныш құралдарын ауыстыра отырып, Маска режимін сақтаған кезде ғана қонуға рұқсат етіледі.
8. Ілесіп жүретін адам сапар алдында санитариялық нормаларды сақтау және жолаушылар (туристер) үшін әлеуметтік дистанциялау бойынша міндетті нұсқама өткізеді.
9. Автобустарға (көлікке) туристерді туроператордың тізіліміне сәйкес, толық жүру бағдарын, күні мен уақытын көрсете отырып, көліктің мемлекеттік нөмірін көрсете отырып отырғызу. Бұл ретте, туристер тізілімінде туристер туралы мәліметтер: тегі мен аты, ЖСН, байланыс телефонының нөмірі және міндетті нұсқамадан өткені туралы белгі болуы тиіс.
10. Мыналарға:
1) автобустағы жолаушылар үшін орын ауыстыруға;
2) стихиялық сауда және тамақтану орындарында тоқтауға жол берілмейді.
11. Санитариялық аялдама кезеңінде автобусты дезинфекциялау құралдарымен өңдеу жүргізіле отырып, 3 сағатта кемінде 1 рет желдету жүзеге асырылады.
2. Экскурсиялар кезінде тамақтануды ұйымдастыру
1. Туристерге арналған сусындарды туроператор 1,0 литрден аспайтын қаптамада, жеке қаптамада ұсынады.
2. Өндіруші жасаған және буып-түйген туристке арналған құрғақ азық-түлікке (сэндвич, чиптер, снейкалар, хотдог және басқа да тағамдар) жол беріледі
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
42-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде компьютерлік клубтарға, бильярд залдарына және боулингтерге қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде жұмыс істеу талаптарымен танысуды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды.
2. Объектілердің қызметіне Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес жол беріледі.
3. Объектілердің қызметіне мынадай шарттар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
1) объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізу(оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу);
2) дене температурасы жоғары және/немесе инфекциялық ауру белгілері бар адамдарды жұмыс орнында болудан міндетті түрде шеттете отырып, байланыссыз тәсілмен дене температурасын өлшеуге арналған аспаптарды қолдана отырып, персонал мен келушілердің дене температурасын бақылау. Көрсетілген симптомдарболған кезде келушілерге қызмет көрсетуге жол берілмейді;
3) келушілерді әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып отырғызу (бильярд залында және боулингке келушілер арасында кемінде 2 метр не 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен, компьютерлік залда үстелдер арасында кемінде 2 метр қашықтық сақталған кезде кемінде 2 метр);
4) міндетті түрде маскалар болған кезде персонал мен келушілерді объектіге кіргізу;
5) жауапты адам келушілердің, қызметкерлердің маска киюін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталуын міндетті түрде қадағалайды;
6) объектінің персоналы жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі, персоналдың қолғапсыз, маскасыз жұмыс істеуіне жол берілмейді;
7) жұмыс (ойын) орындарын, компьютерлік периферияны (тінтуір, пернетақта, кілемше, құлаққап), жанасатын беттерді, жиһаздарды құрамында спирті бар тазалағыш құралдармен әрбір келушіден кейін жинау және дезинфекциялау;
8) келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл ленталар қою арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу;
9) келушілерді хабардар ету мақсатында әкімшілік әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, келушілерді орналастыру жоспарын әзірлейді және кіреберісте орналастырады;
10) келушілердің шотты төлеу кезінде байланыссыз аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, әрбір пайдаланғаннан кейін құрылғыны дезинфекциялау құралымен сүрту;
11) өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі.
12) табиғи желдету болмаған жағдайда қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып, ауаны зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.
4. Объектінің меншік иесі:
1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адам тағайындауды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
2) кіреберісте, ресепшенде, үй-жайдың әрбір залында және санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды;
3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, олардың мүлтіксіз сақталуы туралы нұсқама өткізу;
4) ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялық құралмен суланған дезинфекциялық кілемше орнатылады;
5) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);
6) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды таңбаланған контейнерлерге (полиэтилен қаптар) орталықтандырылған жинау, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратуды;
7) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін;
8) пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер)арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақтауды;
9) әрбір 3 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдетуді;
10) есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындарды, тамақ қабылдау, демалыс бөлмелерін, санитариялық тораптарды) міндетті дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізуді;
11) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу органдарының ЖҚҚ үшін дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорының болуын;
12) дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберуді;
13) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтауды қатамасыз етуі қажет. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.
5. Бильярд залдары мен боулингтер үшін мынадай қосымша талаптарды сақтау қажет:
1) би алаңдарында және залда жаппай би өткізуге жол берілмейді;
2) конкурстарды (өз үстелінен шықпай-ақ интерактивті іс-шаралардан басқа), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;
3) бильярд орындарының әкімшілігі ойын үстелдерін бір-бірінен кемінде 4 метр қашықтықта орналастыруды қамтамасыз етеді;
4) ойын мүкәммалы (кии, бильярдқа арналған шарлар, боулингке арналған шарлар және т.б.) әрбір ойын аяқталғаннан кейін құрамында спирт бар дезинфекциялау құралымен өңделеді.
5) бір ойын жолындағы боулерлердің бір мезгілде 6 адамнан артық болуына жол берілмейді;
6) фуд-корт (тамақтану аймағы) ойын жолдары мен бильярд үстелдерінен бөлек орналасады.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
43-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мұз қалашықтарының жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды
2. Мұз қалашықтары шекаралармен белгіленеді (аумақта қозғалысты белгілеуді ұйымдастыру арқылы).
3. Мұз қалашықтарының аумағында адамдар көп жиналуы мүмкін жаппай халықтық серуендер, салтанатты, спорттық, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
4. Мұз қалашығына барған кезде медициналық немесе мата маскаларын тағу режимін, адамдар арасында бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты (отбасы мүшелерін немесе бірге тұратын адамдарды қоспағанда) сақтау міндетті.
5. Мұз қалашықтарында кез келген типті (мұз, металл, ағаш және басқалары) домалатуға арналған құрылғыларды (төбешіктерді) орнатуға жол берілмейді.
6. Мұздағы сәулет нысандары мен құрылыстарын (мұздағы адам бойымен бірдей фигуралар, лабиринттер, мұз айдындары), жаңа жылдық шыршаларды оларды 2-4 метр әлеуметтік қашықтық талаптарына сәйкес орналастыра отырып орнатуға жол беріледі.
7. Мұз қалашықтарының толтырылуы жалпы алаңның 40%-ынан аспауы тиіс, мұз қалашығына кіру әлеуметтік қашықтық үшін жеткілікті орындар санының болуын ескере отырып жүзеге асырылады.
8. Мұз қалашықтарының жұмыс режимі тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулыларымен анықталуы мүмкін.
9. Мұз айдынында бір адамға әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен келушілердің толтырылуы: ересектер үшін - кемінде 5 шаршы метр, балалар үшін - кемінде 4 шаршы метр.
10. Прокаттау пункттерінде қашықтық үшін белгілерді ұйымдастыра отырып, маска режимін сақтау қамтамасыз етіледі.
11. Мұз қалашығының аумағында қызмет көрсететін барлық қызмет көрсету пункттері (дүңгіршектер, сусындар сататын сауда нүктелері және т.б.) демалушыларға қызмет көрсету кезінде сатып алушылардың әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, санитайзерлердің және басқа да қауіпсіздік шараларының болуын қамтамасыз етеді.